АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ»

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ  МЕН ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ»

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
«АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ
МЕН ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ»

2026 жылғы 13 наурызда Қостанай қаласы Білім бөлімінің қарауына қарасты Г. Қайырбеков атындағы №9 жалпы орта мектебінде практикалық семинар-тренинг өткізілді.
Аталған шара инновациялық тәсілдер мен заманауи білім беру технологияларын қолдануға қызығушылық танытқан ағылшын тілі мұғалімдерін біріктірді. Семинар барысында қатысушылар ағылшын тілін тиімді оқыту, цифрлық ресурстарды пайдалану және сабақтарда жасанды интеллект құралдарын тәжірибелік қолдану бойынша бірнеше шеберлік сабақтарына қатысты.
Ерекше қызығушылық Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Көбеев атындағы №10 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі А.С. Тельгаринаның «Practical Application of Artificial Intelligence in English Language Lessons: Tools, Cases, and Ready-Made Solutions» атты шеберлік сабағына туды. Қатысушылар сабақтарда жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану тәсілдерімен танысты.
Бағдарламаның негізгі бөлігін «Mission: English Possible» педагогикалық квесті құрады, оның барысында мұғалімдер интерактивті станциялардан өтіп, шығармашылық және тілдік тапсырмаларды орындады.
Семинар қорытындысында қатысушылар тәжірибе алмасып, ұсынылған әдістердің практикалық маңызын талқылады және кәсіби өсу бағыттарының жаңа жолдарын белгіледі.