ТАБЫСТЫ САБАҚҚА АРНАЛҒАН РЕЦЕПТ: ЖҮЙЕЛІЛІК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

ТАБЫСТЫ САБАҚҚА АРНАЛҒАН РЕЦЕПТ: ЖҮЙЕЛІЛІК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

ТАБЫСТЫ САБАҚҚА АРНАЛҒАН РЕЦЕПТ: ЖҮЙЕЛІЛІК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 04 наурызда облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кейс-сессиясы ұйымдастырылды. Кейс-сессияға бастауыш сыныптарының облыстық әдістемелік бірлестік мүшелері мен білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мақсаты - бастауыш мектепте оқу пәндерін кіріктірудің теориялық негіздері мен практикалық тетіктерін ашып көрсету, оқушыларда әлемнің біртұтас көрінісін қалыптастыруға, жүйелі ойлауын дамытуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал ету.
Кейс-сессияда әдістемелік бірлестік мүшелері «Бастауыш мектепте пәндерді кіріктіру:әлемнің біртұтас көрінісі» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикум «Бастауыш мектепте пәндерді кіріктіру: әлемнің біртұтас бейнесі» атты практикум мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және пәнаралық байланыстарды қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында педагогтер пәндерді кіріктірудің теориялық негіздерімен танысып, кіріктірілген сабақтардың мысалдарын қарастырды. Қатысушылар бірнеше оқу пәндерін біріктіретін сабақ фрагменттерін әзірлеу бойынша практикалық тапсырмалар орындады. Жұмыс талқылау, топтық тапсырмалар және тәжірибе алмасу түрінде өтті. Практикум пәндерді кіріктіру оқушылардың әлем туралы біртұтас түсінігін қалыптастыруға және оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін көрсетті. Іс-шара педагогтердің әрі қарайғы тәжірибесі үшін пайдалы әрі өзекті болды.
Практикум мұғалімдерге жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оларды тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, пәндерді кіріктіру білім сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.