
«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ»: КӘСІБИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кәмшәт Дөненбаева атындағы кәсіптік -техникалық колледжі қабырғасында «Күш пен адалдық жолы: ұлы еңбекқор әйелдердің үлгісі арқылы кәсіби құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара облыстық «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Талқылауға Узункөл ауданы білім бөлімінің «Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтері қатысты. Кездесудің басты нәтижесі – тараптардың әріптестік қарым-қатынасты дамыту ниеттерін бекіткен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.
Кездесу барысында маңызды келісімдерге қол жеткізілді:
– Алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспары белгіленді.
– Жастарды тәрбиелеуге бағытталған жобалық жұмыстар талқыланды.
– Кәсіби бағдар беру саласындағы ортақ даму бағыттары айқындалды.
Қонақтар үшін колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, материалдық-техникалық базамен таныстырылды. Бағдарлама аясында Кәмшат Дөненбаева музейіне бару ерекше мәнге ие болды. Онда қатысушылар аңызға айналған еңбек ерінің қажырлы еңбегінен тағы да шабыт алды.
Бұл ынтымақтастық жаңа жетістіктерге берік негіз болады деп сенеміз!