
ENGLISH & ENERGY:
МОТИВАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ САҚТАП, КҮЙЗЕЛІСТІ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?
Ағымдағы жылдың 27 ақпаны күні Рудный қаласы білім бөлімінің №5 гимназия базасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әл-ауқатын сақтау және нығайтуға ықпал ету, эмоционалдық қажудың алдын алу, сондай-ақ тұрақты кәсіби мотивацияны қолдаудың практикалық дағдыларын дамыту.
Семинар аясында 7 және 9-сыныптарда шеберлік сыныптары мен ашық сабақтар ұйымдастырылды. 9 сыныбында «Music and Film» тақырыбында сабақ (Аношкин В.В.), 7 сыныбында «The UK: Geography» тақырыбында сабақ (Тимофеева И.А.) өткізілді. Қатысушылар әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейін, білім алушылардың белсенді қатысуын және заманауи интерактивті тәсілдердің тиімді қолданылғанын ерекше атап өтті. Шеберлік сыныптарында педагогтер өздерінің нәтижелі әдіс-тәсілдерімен және кәсіби тәжірибедегі құнды ізденістерімен бөлісті.
Іс-шараның қорытынды кезеңінде «Lesson Energy Lab: Total Teacher Recharge» атты интерактивті квизі (Бабич А.А., Приемко В.А.) ұйымдастырылып, қатысушылар семинар идеяларын ойын форматында бекітіп, серпінді көңіл күйге бөленді.
Рефлексия барысында ұстаздар өзара пікір алмасып, ұсынылған материалдардың практикалық маңызын талқылады және алынған құралдарды кәсіби қызметте қолдануға дайын екендіктерін білдірді. Семинар кәсіби өсуге, ашық диалогқа және шығармашылық шабытқа жол ашқан мазмұнды алаңға айналып, мұғалім энергиясы заманауи сабақтың басты ресурсы екенін айқындай түсті.