
«ҰЛЫ ТҰЛҒА МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ»
📍 27 ақпан 2026 жыл
📍 Рудный қаласы
«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ» облыстық жобасы аясында Міржақып Дулатұлы атындағы екі мектептің тарихи кездесуі өтті.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
🔹 «Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ және
🔹 «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ «Міржақып Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға ресми түрде қол қойылды. 🤝📜
Бұл — жай ғана құжат емес.
Бұл — тарихи сабақтастық.
Бұл — рухани жауапкершілік.
Бұл — болашаққа бағытталған стратегиялық серіктестік.
Міржақып Дулатұлының туған жерінен топырағы, жусаны, киелі жердің тасы арнайы мектеп мұражайына табыс етілді.
Іс-шара барысында:
📖 Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, ұлт рухын асқақтатты;
📚 «Балалар кітапханасы» жобасы таныстырылды;
🏛 «Елі үшін туған ердің мәңгілік мұрасы» көрмесі ұсынылды;
🤖 Робототехника жетістіктері көрсетілді;
🎶 «Домбыра дастан» нйірмесі ұлттық өнерді дәріптеді;
🏹 «Бес асық» ұлттық ойыны ұйымдастырылды;
🪖 «Жас сарбаз» әскери-патриоттық таныстырылымы өтті;
Психологтардың жұмысымен танысып, ашық сабақтар өтті.
«Екі мектеп – бір мұрат» қағидасы аясында алдағы уақытта:
✔️ Бірлескен ғылыми жобалар
✔️ Онлайн семинарлар
✔️ Ортақ патриоттық іс-шаралар т.б. жүзеге асырылатын болады.
Міржақып мұрасы – тек тарих емес.
Ол – әрекет.
Ол – білім.
Ол – еркіндік пен жауапкершілік.
Ұлы тұлғаның аманаты – ұрпақ тәрбиесі.
Ал сол аманатты орындау – біздің қасиетті міндетіміз.
Білім ордамызға келген қонақтарға алғыс білдіреміз!
Ынтымақтастығымыз нығайып, ортақ жобаларымыз жемісті болсын!