«ЖАС ҒАЛЫМ–2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ ЖӘНЕ РЕСУРСЫ»

«ЖАС ҒАЛЫМ–2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ ЖӘНЕ РЕСУРСЫ»

«ЖАС ҒАЛЫМ–2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ ЖӘНЕ РЕСУРСЫ»

 

2026 жылғы 25 ақпанда студенттерді, педагогтерді, жас зерттеушілерді және білім беру қауымдастығының өкілдерін біріктірген «ЖАС ҒАЛЫМ–2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Конференцияның мақсаты — студенттер мен педагогтердің зерттеушілік құзыреттілігін дамыту, ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жетістіктерді насихаттау, сондай-ақ білім беру үдерісіне қатысушылар арасында кәсіби және әдістемелік тәжірибе алмасу.

Конференцияны ұйымдастырушы — Частное учреждение «Колледж предпринимательства КИнЭУ», қолдау көрсетуші — КГУ «Методический центр» Управления образования акимата Костанайской области.

Конференция аралас форматта (онлайн-офлайн) өткізілуде. Конференцияға Қостанай облысының 19 колледжі, республиканың 45 колледжі, Барнаульский лицей железнодорожного транспорта, Оренбургский техникум железнодорожного транспорта, Поволжский государственный колледж (Ресей Федерациясы) қатысуда.

Конференцияға 300-ден астам жоба келіп түсті. Конференция жұмысы тоғыз тақырыптық секция бойынша ұйымдастырылған.

9-секцияның қатысушылары  педагогтер  облыстық оқу-әдістемелік кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік материалдар немесе авторлық бағдарламалар негізінде шеберлік сабақтарын көрсетті.

Аталған секцияны өткізу Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы аясында ерекше өзектілікке ие болды. Жаңартылған Негізгі заң адам капиталын, ғылымды, білімді, инновацияларды дамыту басымдығын және жастардың елдің әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне белсенді қатысуын бекітеді. Осыған байланысты конференцияда конституциялық қағидаттардан тікелей туындайтын мәселелерге ерекше назар аударылды:

-жастардың құқықтарын, мүмкіндіктерін кеңейтуге және шешім қабылдауға қатысуына бағытталған Конституция нормалары тұрғысынан жастардың елдің стратегиялық ресурсы ретіндегі рөлі;

-сапалы білімге тең қол жеткізудің конституциялық кепілдіктері және зерттеушілердің жаңа буынының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жағдай жасау.

Осылайша, «ЖАС ҒАЛЫМ–2026» конференциясы жаңа Конституция нормалары жастардың ғылыми және инновациялық әлеуетін ашуға институционалдық негіз қалай қалыптастыратынын талқылайтын алаңға айналды, сондай-ақ ғылым мен технологияларды жаңғырту арқылы елді дамытуға бағытталған нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар конференция ғылыми жобаларды таныстыруға, білім, ғылым және технология салаларындағы заманауи сын-қатерлер мен үрдістерді талқылауға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және академиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық алаң болды.