ТАРИХТЫ ОҚЫТУ: ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ: ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ: ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ

Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің №1 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің базасында 20 ақпанда тарих мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясында «Тарихи деректерді медиаформаттарда ұсыну: видео, подкасттар, инфографика» тақырыбында практикалық-бағдарланған семинар өтті.

 

Шараның бағдарламасы барынша мазмұнды болып, педагог-психолог Светлана Николаевна Абрамованың ұйымдастыруымен өткен топты біріктіру тренингінен басталды. Бұл тренинг нәтижелі оқу үшін сенімді атмосфера қалыптастырды.

 

Негізгі бөлім барысында спикерлер білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізу бойынша өздерінің бірегей әзірлемелерін таныстырды: Еркебұлан Қанатұлы Уәли (Набережный ЖББМ) заманауи оқытудағы smart-құралдар туралы айтса, Разия Джуманиязовна Джаксылыкова (С. Ерғалиев атындағы ЖББМ) интерактивті ресурстардың тиімділігін көрсетті.

 

Гүлшат Еленовна Өтепова (Валерьянов НОМ), Вадим Юрьевич Аксененко (Красносельск ЖББМ) және Мөлдір Ырғызбайқызы Шманованың (№2 Тобыл ЖББМ) баяндамаларында нейрожелілер басты тақырыпқа айналды. Біз Жасанды интеллект — бұл болашақ емес, мұғалімнің нақты көмекшісі екеніне көз жеткіздік!

 

Әсемай Тұрсынбекқызы Оразбекова мен оның тәлімгері Елена Сергеевна Кузнецованың (№1 Тобыл ЖББМ) жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Олар жәрмеңкелер тақырыбы арқылы Қазақстан тарихы мен биологияны шебер ұштастыра білген. Кездесу қорытындысы бойынша семинардың мақсаттарына сәтті қол жеткізілді, педагогтар өз идеяларын жүзеге асыру үшін жаңа жоспарлар белгіледі.