«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ» РУХАНИ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУ АЛАҢЫ

«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ» РУХАНИ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУ АЛАҢЫ

«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ» РУХАНИ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУ АЛАҢЫ
Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ұлы тұлғалар» жобасы аясында шағын мектептерге арналған тағылымды семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ұлт тұлғаларының өмір жолы мен рухани мұрасын насихаттау, педагогтер арасында тәжірибе алмасу. Семинардың құрметті қонақтары ретінде тұлғаның баласы мен келіні (Нұрман Қадырұлы Кәрімов пен Сауле Елеусізқызы Кәрімова), әріптесі (Үміт Бибатырқызы Ұнайбекова) және шәкірті (Сағындық Байданұлы Есментаев)қатысып, жүрекжарды естеліктері мен тағылымды ойларымен бөлісті. Кездесу мазмұнды пікір алмасуға, рухани сабақтастықты нығайтуға жол ашты. Семинар аясында Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, кәсіби байланысты күшейтуге және білім беру саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.
«Ұлы тұлғалар жолы» алаңы аясында педагогтерге арналған шеберлік сыныптары да өткізілді. Іс-шара барысында «Қазақстан халқына» қоры тарапынан берілген жабдықтарда жұмыс істеу тәжірибесі көрсетіліп, олардың білім беру үдерісіндегі тиімді қолдану жолдары таныстырылды.
«Ұлы тұлғалар жолы» жобасы – жас ұрпаққа өнеге болатын тұлғалардың рухани мұрасын дәріптей отырып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң. Бұл бастама педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, тәрбиелік әлеуетін арттыруға және құндылыққа негізделген білім беру мазмұнын дамытуға ықпал етеді.