КОЛЛАБОРАТИВТІ ВОРКШОП «ТӘЖІРИБЕ СИНЕРГИЯСЫ: БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ — БІРГЕ ШЕШЕМІЗ»

КОЛЛАБОРАТИВТІ ВОРКШОП «ТӘЖІРИБЕ СИНЕРГИЯСЫ: БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ — БІРГЕ ШЕШЕМІЗ»

КОЛЛАБОРАТИВТІ ВОРКШОП

«ТӘЖІРИБЕ СИНЕРГИЯСЫ: БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ — БІРГЕ ШЕШЕМІЗ»

                                                 

2026 жылғы 4 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында облыстық «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында  коллаборативті воркшоп өтті.  

Іс-шараның мақсаты – «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында атаулы мектептер арасында кәсіби тәжірибе алмасу арқылы оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған практикалық және қолданбалы педагогикалық шешімдерді бірлесіп әзірлеу және синергия қағидатына негізделе отырып, кәсіби және шығармашылық әлеуетті арттыру, командалық өзара әрекеттестікті нығайту..

Воркшопқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 4 атаулы мектептің педагогтері, мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары қатысты. Семинарға жоба бастамашы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Утегенова Гүльнара Маратқызы мен Қостанай ауданы білім бөлімінің басшысы Кокишева Мейрамгүл Балғабайқызы қатысты және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төрт атаулы мектеп басшылары, педагогтері, басшыларының орынбасарлары.

Облыстық «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында  атаулы мектептер басшылары өз тәжірибесімен бөлісіп, мектептердің жұмысымен, мектеп ортасындағы жоба аясындағы жоспарларымен таныстырды және өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасуды жүйелеу және ортақ мақсатқа бағытталған жұмысты дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Воркшоп барысында қатысушылар топтық жұмыс, пікірталас, кейс-талдау және бірлескен жобалау әдістері арқылы өзара тәжірибе бөлісіп, нақты мәселелер бойынша тиімді шешімдер ұсынды. Воркшоп қатысушыларға: бірлесіп ойлау мәдениетін қалыптастыруға; әртүрлі көзқарастарды үйлестіре отырып шешім қабылдауға;тәжірибені жүйелеуге және қолданбалы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.