
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»
Елімізде үш жылдан бері «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша жаңа үлгідегі білім беру ұйымдарының басшылары дайындалуда.
Бірнеше іріктеу кезеңдері мен тағылымдамалардан, практикадан өту және қорытынды бағалар қойылатын ауқымды оқу даярлығынан кейін кадр резерві стратегиялық басқаруға, инновациялар енгізуге және жайлы білім беру ортасын құруға қабілетті сауатты менеджерлермен толықтырылады.
Жанна Нұрашқызы Исакова, 1985 жылы 24 тамызда Қостанай облысының Пресногорьков ауылында туған.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтап, 10 жыл бойы Сарыкөл ауданының Севастополь орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болды. Жанна Нұрашқызы №1 Урицкий жалпы білім беретін мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқару кезінде басқарушылық тәжірибеге ие болды.
Жоба аясында алған білімімен кейін Жанна Нұрашқызы 2025 жылы Сарыкөл ауданының «Балдаурен» бөбекжайының басшысы қызметіне тағайындалды. Ол білімін тәжірибе жүзінде сәтті қолданып келеді.