«Заң және тәртіп - жауапкершілік пен қауіпсіздіктің негізі»

«Заң және тәртіп - жауапкершілік пен қауіпсіздіктің негізі»

 

 

Назар аударыңыз!

2026 жылғы 8-30 қаңтар аралығында мектептер мен колледждерде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») Айлығы өткізіледі.

Бір ай ішінде білім алушылар мен ата-аналар үшін полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірыңғай қауіпсіздік сабақтары, құқықтық әңгімелер мен құқықтық ақпарат күндері, «Заңның 30 секунды» онлайн-челленджі, әлеуметтік желілерде суреттер мен жарияланымдар конкурстары, сот, прокуратура және полиция өкілдерімен кездесулер, ата-аналар жиналыстары мен қаржылық жауапкершілік бойынша дәрістер, спорттық және интерактивті сабақтар ұйымдастырылады салауатты өмір салты мен қауіпсіздік бойынша спорттық және интерактивті іс-шаралар, мектеп театрларының фестивалі және т.б.

Іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін, заң мен әділеттілік қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған.

Айлықты өткізу барысы күн сайын әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының ресми сайттарында жарияланады.

#Заң_мен_тәртіп