Курс туралы мәлімет

Курс туралы мәлімет

Бүгін, 2020 жылдың 19 қазанында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан онлайн-форматта өткізетін балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтеры мен бейіндері бойынша мамандарға арналған республикалық біліктілікті арттыру курстарының  жұмысы басталды.           2020 жылғы 19 қазан  мен 11 желтоқсан  аралығында қосымша білім беру жұмысының  барлық бағыттары бойынша курстар өткізілетін болады (курс саны 31). Қостанай облысынан қосымша білім беру ұйымдарының 112 педагогы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.   

        Әріптестерімізге табысты, жемісті жұмыс тілейміз.