Қостанай облысының төрт ұстазына 2,7 млн. теңгеден табысталды.

Қостанай облысының төрт ұстазына 2,7 млн. теңгеден табысталды.

Осындай қомақты сомадағы (1000 АЕК) сертификатқа «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары ие болды.

- Біз еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 қатысушының ішінен төрт қостанайлық ұстаздың ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан жоғары құрметке ие болғанына қуаныштымыз, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова. – Бұл біздің ұстаздарымыздың жоғары кәсіби шеберлігін көрсетеді, ал конкурс қатысушыларын іріктеу оңай болған жоқ. Өз атымнан конкурс жеңімпаздарын ғана емес, облыс әкімінің қолынан төсбелгіге ие болғандарды, сондай-ақ өңірдің барлық мұғалімдерін құттықтағым келеді! Сіздердің әрқайсыларыңыз ең үздік, ең ерекше және сіздердің біздің балаларымызға беретін білімдеріңіз өлшеусіз, қазіргі қашықтан оқытуға қосып жатқан үлесіңіз бағалы!

Марапаттау рәсімі «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде өтті. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық педагогтерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, барлық жеңімпаздарды атап шықты.

Қостанай облысының жеңімпаздары:

- Нұғыманова Карина Аңсағанқызы - «Озат» IT- лицейдің химия пәні мұғалімі;

- Якимчук Елена Анатольевна – Жітіқара ауданының № 12 орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі;

- Ерденова Лязат Насибулақызы – Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

- Жұмағұлов Қанат Есімбекұлы – Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушы-ұйымдастырушысы.

ҚР БҒМ атынан қостанайлықтарға сертификаттарды Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова табыстады, ол елдегі әріптестеріне лайықты бәсекелес бола алатын аймақтың мықты педагогикалық құрамын атап өтті.

- Біз мұғалімдеріміздің жеңістерін мақтан етеміз және олардың әрі қарай облысымыздың намысын жоғары деңгейде қорғауды жалғастыратынына кәміл сенеміз, - деп, марапаттауды қорытындылай келе атап өтті Зәуре Байменова.