ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға Қостанай облысының 200 оқушысы қатысты

ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға Қостанай облысының 200 оқушысы қатысты

ҚР Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға Қостанай облысының 200 оқушысы қатысты

Жаңа жыл - бұл барлық балалар асыға күтетін мереке, сыйлықтар мен таңғажайып сиқырлар уақыты. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Жаңа жылдық шыршаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 200 оқушы жиналды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов балаларды келе жатқан мерекемен құттықтай отырып: «Сіздер жыл бойы еңбек етіп, оқуда, спорт пен шығармашылықта жоғары жетістіктерге жеттіңіздер. Өз мектептеріңнің, ауданның және жалпы облысымыздың мақтанышы болдыңыздар. Алдағы уақытта әрқайсыңыздың асқақ армандарыңыз орындалсын, жаңа жеңістерге жете беріңіздер!», - деді.

Мемлекет басшысының атынан 9 жастан 13 жасқа дейінгі дарынды балалар, жетім балалар және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қатарындағы оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау хат, ұялы телефондар және «Волшебное путешествие по стране Казахстан» кітабы мен сүйікті тәтті сыйлықтар табысталды.

Балалар үшін облыстың үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті, би, ән және цирк номерлерімен жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар ғажайып жаңа жылдық ертегінің қонағы болғандарына, алған сыйлықтарына мәз-мейрам болды.

Е. Есжанов атындағы Жітіқара ауданының №9 мектебінің төртінші сынып оқушысы Інжу Жетпісбаева өз қуанышын былай білдірді: «Мен жаңа жылдық шыршаға қатысқаныма өте қуаныштымын! Осы сәтті асыға күттім! Бұл жыл мен үшін сәттілікке толы болды, үздік оқимын, биыл бірнеше конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегері атандым. Әрқайсының жаңа жылдық тілегі орындалсын деп тілеймін!»

Сарыкөл ауданының Темирязев мектебінің 5 сынып оқушысы Андрей Комаров та өз әсерімен қуана бөлісті: «Бүгін осы жерде болу мен үшін үлкен қуаныш және керемет жаңа жылдық сыйлық! Мен футболмен айналысамын, оның арқасында мен алаңда ғана емес, оқуда да тәртіпті болуға және мақсатқа жетуге ұмтылуды үйрендім! Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын және армандарыңыздың орындалуын тілеймін!».

Жақсы дәстүр бойынша мереке шыршаны айналған ән мен бимен жалғасты.