Қашықтан әдістемелік

Қашықтан  әдістемелік

2020 жылғы 15 қазанда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің басшысы «педагог-шебер» біліктілік санатына үміткер Қостанай облысының білім беру ұйымдары педагогтарының, аудандық/қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерінің қатысуымен қашықтықтан кезекті кеңес өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес тақырыптар талқыланды:

1.Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Республикалык Сараптамалық кеңес туралы ережені түсіндіру (Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жетекші ғылыми қызметкері, PhD, Сейдина М.З.);

2.Республикалық сараптау кеңесіне ұсынылатын әдістемелік материалдардың ерекшеліктері (Ы. Алтынсарин атындағы  ҰБА жетекші ғылыми қызметкері, PhD, Сейдина М.З.);

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша материалдарды дайындайтын педагогтерге республикалық сараптамалық кеңеске ұсыныстар берілді.