Қостанай облысы құрамасының «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты қарсаңында облыс әкімінің орынбасарымен кездесті
2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2025» кәсіби шеберліктің Х республикалық чемпионаты өтеді.
Қазақстанның барлық 20 өңірінен 1500-ден аса қатысушы мен сарапшылар 45 құзыреттілік бойынша сайысқа түседі.
Қостанай облысының намысын 38 құзыреттілік бойынша 42 қатысушы және 38 сарапшы-компатриот қорғайды. Құрама сапына 14 колледж, 2 ЖОО және 1 мектептің студенттері мен сарапшылары кірді.
Чемпионатқа дайындалу аясында құрама қатысушылары Қостанай жоғары педагогикалық колледжі базасында стресске төзімділікті, командалық өзара іс-қимыл мен қатысушылардың өз күштеріне сенімділігін дамытуға бағытталған психологиялық дайындықтан өтеді.
Дайындық бағдарламасы шеңберінде 24 қарашада «IQOSTANAY» оқушылар сарайында құрама қатысушыларының облыс әкімінің орынбасарымен кездесуі өтті, оған команданың барлық мүшесі, сарапшылар, колледж директорлары мен Қостанайдың ЖОО ректорлары қатысты.
Бақытжан Нарымбетов атап өткендей, білікті мамандарды анықтап, кәсіби тұрғыда дамыту үшін чемпионаттың Жұмысшы мамандықтары жылы аясында маңызы зор және өз тәлімгерлерінің үздік тәжірибесін үйреніп, өз шеберлігін паш ететін жас кәсіпқойларымыз үшін лайықты қорытынды болуы тиіс.
Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының басында тұрған Парламент Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков алғашқы командалардың, халықаралық қоғамдастықпен байланыс қалай құрылғаны, сондай-ақ чемпионат тұжырымдамасының мемлекеттік тілде қолдау тапқандығы, қазіргі кезде жас кәсіби мамандардың әлемдік қоғамдастығы кеңейіп, дамып жатқандығы туралы сөз қозғады.
Бақытжан Нарымбетовтың Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенті Диас Қыдырқожаұлына облыстың туын салтанатты түрде табыстауы кездесудің ең әсерлі сәті болды. «Бұл ту – біздің қолдауымыздың, сіздерге деген сеніміміз бен сіздердің жауапкершіліктеріңіз», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
TurkSkills-2025 алғашқы чемпионатында «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша алтын медаль иегері, Қостанай жоғары автомобиль көлігінің студенті Артём Кузнецов жеңіске жетудегі өз жолы туралы айтып берді.
З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің бірінші проректоры Дастан Салтанұлы Беков Артемге жоғары оқу орнында оқу үшін атаулы грантты табыстады, ол бұл жеңімпаздың марапаты ғана емес, сондай-ақ алдағы жарыстар алдында барлық құрама үшін жақсы мотивация екенін атап өтті.
Колледждердің басқа да студенттері өздерінің жеңіске жету оқиғаларын бөлісті.
WorldSkills Kazakhstan - кәсіби дағдыларды дамытуға, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және түрлі салалардағы талантты мамандарды анықтауға бағытталған жастар арасындағы беделді кәсіби шеберлік чемпионаты. Бұл жай ғана чемпионат емес, жас мамандардың республикалық деңгейде өздерін таныту мүмкіндігі.
Командамызға сәттілік тілейміз!