
АШЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР
2025 жылдың 19 қарашасы күні «Әйгерім-ай» ЖШС бастауыш мектебі Қостанай қ. бастауыш сынып мұғалімдерін функционалдық сауаттылықты дамыту кеңістігін - сабақпен таныстырды.
Шынында да, бастауыш мектепті жеке әлеуетті дамыту ортасы деп атауға болады. Балалардың дамуы үшін: спорт, хореография, көркемсурет шеберханасы, робототехника және тағы басқа қолайлы жағдайлар жасалған.
Өткізілген сабақтар көпшілікті ұстаз шеберханасына енгізгендей әсер қалдырды. Әрбір оқушының ынта-ықыласы, балалар арасындағы өзара әрекеттілік пен бірін-бірі қолдау, жасанды интеллектті пайдаланудың бәрі сабақтарда көрініс тапты.
Сонан соң - тиімді тәжірибелерді зерделеу! Мұғалімдер функционалдық сауаттылықты дамыту және жасанды интеллектті пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Т. И. Набатникова «Іскерлік және ең жақсы тәжірибелер: менің есімімде қандай мағына бар?» тақырыбында семинар өткізді.
Қорытынды бөлімде жасанды интеллект ұстаздардың пікірлерінен рефлексивті өлең әзірледі.