«Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде алдын алу дәрістері өткізілді

«Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде алдын алу дәрістері өткізілді

 

«Заң және тәртіп» идеологемасы шеңберінде алдын алу дәрістері өткізілді

 

2025 жылғы 3-7 қараша аралығында облыстың барлық мектебінде және колледждерде 5-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері арасында «Шылым емес темекі өнімдері – снюстің, насыбайдың және шайнайтын темекінің қаупі мен зияны», «Электронды темекілер, вейп пен оларға арналған сұйықтықтар – зияны және қаупі» тақырыптарына дәрістер өткізілді.

Дәрістерді Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті дайындады және жастардың денсаулыққа саналы көзқарасын қалыптастыруға және заңды сақтауға, зиянды әдеттерді алдын алуға бағытталған.

Кездесу барысында оқушыларға никотин мен химиялық қоспалардың құрамы мен ағзаға әсері, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға электронды темекіні сатуды және темекіні тұтынуды реттейтін құқық нормалары туралы айтылды.

Іс-шарларға учаскелік полиция инспекторлары, медицина қызметкерлері, әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтар қатысты.

Өткізілген дәрістердің нәтижесінде оқушылардың хабардар болу деңгейінің артқаны, жаман әдеттерге теріс көзқарастың және салауатты өмір салтына қызығушылықтың қалыптасқаны байқалады.

#Заң_мен_тәртіп