
Құрметті оқырмандар!
Әрқайсымыз баланы қорғауда шешуші рөл атқара аламыз.
Егер сіз балаға қатысты зорлық-зомбылықты, қатігез қарым-қатынасты, буллингті және басқа да құқықтарының бұзылуын байқасаңыз — бейжай қалмаңыз. Сіздің қырағылығыңыз бен белсенді ұстанымыңыз қайғылы жағдайдың алдын алып, баланың денсаулығын, тіпті өмірін сақтап қалуы мүмкін.
⚖️Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-1-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олардың тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар туралы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің хабарламауы — жауапкершілікке әкеледі.
• 2025 жылдың алғашқы 9 айында осы бап бойынша 268 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
• 2024 жылы — 348 адам.
Бұл сандардың әрқайсысы — қорғаусыз қалған бір баланың тағдыры. Бұл — балаларға сенудің, алаңдатарлық белгілерді елеусіз қалдырмаудың, көмекті кешіктірмеудің қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Кейде бір қоңырау баланың тағдырын өзгертіп, оны қауіптен арашалап қалуы мүмкін.
Хабарлау — бұл жай ғана формальді әрекет емес, азаматтық жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі.
📲«111» байланыс орталығы тәулік бойы, анонимді әрі сенімді түрде жұмыс істейді.
Ең бастысы — үнсіз қалмау және немқұрайлы болмау.