Қаржы қауіпсіздігі бойынша диктант – өзімізді қорғауды үйренеміз!

Қаржы қауіпсіздігі бойынша диктант – өзімізді қорғауды үйренеміз!

2025 жылдың 10-20 қазан аралығында Қостанай облысы колледждерінің студенттері, сондай-ақ педагогтердің ұжымдары Қаржы қауіпсіздігі бойынша республикалық диктантқа қатысты.

Бұл жай ғана тест емес, бұл жастарға, балаларға және үлкендерге қауіпсіз қаржы тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға, алаяқтардың схемаларын танып-білуге, қаржы сауаттылығы мәселелерінде хабардар болуға көмектесетін білім беру бағдарламасы.

Диктант нәтижесі бойынша 90 және одан көп ұпай жинаған, жеңімпаз болып атанған 6 үздік қатысушы білім беру саласынан, олар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ атынан марапатталды:

Никита Сергеевич Ковалев, «Федоров ауданы білім бөлімінің Новошумный жалпы білім беретін мектебі» КММ, 7 «А» сынып;

Райхан Рамильевна Мустафина, «Федоров ауданы білім бөлімінің Камышин жалпы білім беретін мектебі» КММ, 8 «А» сынып;

Рауан Бақытжанұлы Текесбай, «Федоров ауданы білім бөлімінің Камышин жалпы білім беретін мектебі» КММ, 8 «А» сынып;

Әлишер Тимурұлы Қамалов, «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 122 жалпы білім беретін мектебі» КММ, 6 «В» сынып;

Раушан Талғатқызы Қожахметова, Қостанай қаласы білім бөлімінің № 122 жалпы білім беретін мектебі» КММ, 6 «В» сынып;

Лиана Николаевна Голованенко, Қостанай Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің оқытушысы.

Диктант – бақылау емес, бұл өзіңді және жақындарыңды қаржы әлемінде қорғай білуді үйренуге мүмкіндік.

Барлық қатысушыға, педагогтер мен ата-аналарға онлайн-қауіпсіздік пен қаржы қауіпсіздігі мәселелеріне бей-жай қарамай, диктантқа қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!