2025 жылғы 17 қазанда Білім басқармасында Аймақтық ата-аналар қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті, оған аудандық және қалалық ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жауапты әрі позитивті ата-аналықты қалыптастыру, ата-аналар комитеттерінің белсенділігін арттыру және ата-аналарды білім беру мекемелерінің өміріне белсенді түрде қатыстыру болды.
Отырыста 2025–2026 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспары нақтыланып, кеңес төрағасы сайланды.
Бірлескен күш-жігеріміз мектеп өмірін барлық білім алушылар үшін одан әрі ашық әрі тиімді ететініне сенімдіміз.