2020 жылы 09 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ
«Қашықтықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру» атты тақырыбында республикалық онлайн - семинар – кеңеске қатысты. Семинар – кеңестің жұмысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сакен Жунусбекович Мусайбеков, ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру Комитетінің мамандары, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру Ұлттық Академиясы, білім беру ұйымдары қатысты.
Күн тәртібінде білім берудің әр түрлі бағыттарында ұйымдарды қашықтықтан оқыту мәселелері талқыланды. Қостанай облысының қосымша білім беру жұмыс тәжірибесін 2020-2021 оқу жылының қашықтықтық бірінші тоқсанына кіру бойынша Өңірлік орталықтың директоры Е. А. Петренко таныстырды. Сөз сөйлеу барысында интернет-платформалармен жұмыс бойынша оқыту семинарларында мамандарды даярлау, қашықтықтан оқыту алгоритмдерін әзірлеу туралы, түрлі бағыттардағы онлайн-сабақтардың әдістемелік базасы туралы (туризм, робототехника, вокал, сәндік қолданбалы өнер және т.б.), қосымша білім беру педагогтерінің ҚР БжҒМ РОӘҚБО ұйымдастырған республикалық бюджеттік біліктілікті арттыру курстарына қатысуы туралы мәселелер қозғалды.
Семинар-кеңес барысында спикерлер қашықтықтан оқыту режимінде сабақтардың қолжетімділігі мен сапасына байланысты өзекті мәселелерді талқылады, республикалық мамандандырылған мектептердің, интернаттардың, олимпиадалық резерв колледждерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Жұмыс соңында мұндай қарым-қатынас тәжірибе алмасу және қашықтықтан оқыту кезінде туындайтын мәселелерді бірлесіп шешу үшін өте маңызды екендігі атап өтілді.