Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған білім басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Абай өлеңдерін оқу челленджі ұйымдастырылды.
Өңірлік челлендждің негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның шығармаларын кеңінен дәріптеу, ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, білімге табыну, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың азаматтық белсенділігін нығайту болып табылады.
Мекеме мамандары өшпес із, өлмес мұра қалдырған Ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Күз» өлеңдерін оқуға үлкен белсенділік танытты.
Ақын өлеңдерін оқу эстафетасын «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» деген ұранмен «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымына тапсырамыз.