«Абай – дана, Абай-дара қазақта», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына

«Абай – дана, Абай-дара қазақта», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 12 қазанда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік кабинеті мен  Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы, ақыны және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған «Абай-дана, Абай –дара қазақта» атты кітап көрмесінің бейне шолуын ұйымдастырды. 

Көрменің басты мақсаты- Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ойынша аудиторияны қазақ даласының ұлы ақыны Абайдың кітаптарымен таныстыру.

Кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады: «Абайдың өмірі әлемге өнеге», «Ұлы Хакімнің асыл мұрасы», «Аңыз адам — ақиқат тұлға», «Қазақтың Абайы, халықтың Абайы, әлемнің Абайы».

Көрмеде Абайдың еңбектері ғана емес, ол туралы жазылған кітаптар, Ұлы ойшыл туралы мақалалары бар ескі және жаңа газеттер мен журналдар, сондай-ақ оның шығармаларының аудармалары ұсынылды.

Көрмеде ұсынылған әдебиеттер жыл бойы толықтырылады және көрмеге қойылады.

«Абай –дана, Абай –дара қазақта» атты кітап көрмесінің бейне шолуы Youtube каналында және әдістемелік кабинет сайтында жарияланды.

 

https://youtu.be/aq6FpG-XrSc