«AgroSkills-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауының
баспасөз хабарламасы
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 2025 жылғы
29-30 қыркүйек аралығында «Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «AgroSkills-20225» республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтеді.
«AgroSkills-2025» конкурсы - жас мамандарға өз қабілеттерін танытып, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өз үлесін қосуға бірегей мүмкіндік береді!
Іс-шараға республиканың 14 аймағынан келген облыстық кезеңдердің 14 жеңімпаз студенті қатысады.
Конкурс кәсіби шеберліктің сайысы ғана емес, сонымен қатар білім беру ұйымдары мен аграрлық сектор өкілдері арасында тәжірибе алмасу, озық білім беру тәжірибесін көрсету және өзара диалогтың тиімді алаңы болмақ.
Конкурс тапсырмалары өндірістік жағдайларға барынша жақындатылып жасалған: ауыл шаруашылық техникасын пайдалану, жабдықты диагностикалау және жөндеу, заманауи цифрлық технологияларды қолдану.
Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздармен және медальдармен марапатталады.
Республикалық конкурстың салтанатты ашылуы 2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де Әулиекөл ауылының Мәдениет үйінде өтеді (Баймағамбетов көшесі, 27).
Республикалық конкурстың салтанатты жабылуы 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 17:00-де Әулиекөл ауылының Мәдениет үйінде өтеді (Баймағамбетов көшесі, 27).
Жарыс алаңы Әулиекөл ауылынан 7 шақырым жерде (Әулиекөл – Жолдама тас жолы) «Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК оқу-жаттығу шаруашылығында өтеді.
Конкурсты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруда.
Конкурстың өтетін орны: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі, Гагарин көшесі, 24.
Қосымша ақпаратты төмендегі телефондар арқылы алуға болады:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша «AgroSkills-25» республикалық кәсіби шеберлік байқауының бағдарламасы
29 қыркүйек 2025 жыл
Уақыты |
Сипаттамасы |
07:00 - 08:00 |
Жиналу |
08:00 - 08:30 |
Таңғы ас |
08:30 - 09:00 |
Қатысушыларды тіркеу |
09:00 - 09:30 |
Жеребе тарту |
09:30 - 10:00 |
МҮ бару |
10:00 - 11:00 |
Республикалық байқаудың салтанатты ашылуы |
11:00 - 11:30 |
Байқау алаңына бару |
12:00 - 13:30 |
Модульдер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындау |
13:30 - 14:00 |
Колледж асханасына бару |
14:00 - 15:00 |
Түскі ас |
15:00-15:30 |
Байқау алаңына оралу |
15:30 - 18:30 |
Модульдер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындау |
18.30 - 19.00 |
Колледж асханасына бару |
19:00 - 20:00 |
Кешкі ас |
20:00 – 20.30 |
Қорытындылау, сарапшылар жұмысы |
30 қыркүйек 2025 жыл
Уақыты |
Сипаттамасы |
08:00 - 08:30 |
Таңғы ас |
08:30 - 09:00 |
Байқау алаңына бару |
09:00 - 12:30 |
Модульдер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындау |
12:30 - 13:00 |
Колледж асханасына бару |
13:00 - 14:00 |
Түскі ас |
14:00-14:30 |
Байқау алаңына оралу |
14:30 - 16:00 |
Модульдер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындау |
16.00 - 16.30 |
Колледжге келу |
16:30 - 17:00 |
Қорытындылау, сарапшылар жұмысы |
17:00 – 18.00 |
Республикалық байқаудың жабылуы |
18:00 – 19.00 |
Кешкі ас |
19.00 |
Қатысушылардың кетуі |