Жұмысшы мамандықтары жылында Қостанай колледжінің студенттері қазақстандық машина құрылысының болашағын жасайды

Жұмысшы мамандықтары жылында Қостанай колледжінің студенттері қазақстандық машина құрылысының болашағын жасайды

Жұмысшы мамандықтары жылында Қостанай колледжінің студенттері қазақстандық машина құрылысының болашағын жасайды

Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі қазақстандық машина жасаудың болашақ мамандарын даярлайтын негізгі орталықтарының біріне айналды, бұл студенттердің алған білімін тәжірибеде іске асыру алаңы.

Бүгін колледжде баспасөз-тур өтті, оның барысында БАҚ өкілдері студенттер кәсіби шеберліктерін шыңдайтын шеберханаларды аралап, құзыреттер орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ өндіріс аумағын бақылауға мүмкіндік алды.

Колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие 15 заманауи мамандық бойынша бір жарым мың студент оқиды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында халықаралық аккредитациядан өткен өңірдің жетекші колледждерінің бірі. Колледж мамандарды WorldSkills халықаралық стандарттарына сай дайындайды, жаңа технологияларды меңгере отырып, машина жасау индустриясымен тікелей жұмыс істейді.

Жаңа әлемдік брендтердің жабдықтары жеткізілген 10 астам оқу-өндірістік орталығы экономиканың нақты секторына біріктірілген оқытудың тәжірибеге бағытталған моделін толығымен енгізуге мүмкіндік береді.

Колледж директоры Дмитрий Иванович Павленко: «Біз республикамыздың, алыс және жақын шет елдердің жетекші техникалық оқыту кәсіпорындарымен және оқу орталықтарымен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеміз. Соның арқасында студенттеріміз өңірдің және еліміздің кәсіпорындарында жоғары сұранысқа ие болуда. Жұмыс берушілердің кадрларды мақсатты даярлауға қызығушылығы артты. Биыл кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 477 студент білім алып жатыр», - деп атап өтті.

Қостанай облысының елуден астам кәсіпорнымен өзара тиімді ынтымақтастығы Қостанай автомобиль колледжіне еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін мықты стимул болып табылады.

KIA Kazakhstan компаниясымен ынтымақтастық ерекше орында. 2024 жылғы мамырда автомобиль жасау мамандарын даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шетелдік ынтымақтастықтың аймағы кеңеюде. Мәселен, 2024 жылғы желтоқсанда ERFURT Bildungszentrum (Германия) білім беру орталығымен меморандум жасалды.

2025 жылғы маусымда Korean TVET University and College Association for Recruiting Interational Studets өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Әлемдік брендтердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылған Құзыреттер орталығы мен оқу-өндірістік шеберханалары машина жасау саласында заманауи өндірісте жұмыс істеуге қажетті құзыреттерге ие түлектерді даярлайды.

Студенттер тәжірибе барысында машина жасау саласының бірегей заманауи жабдықтарында жұмыс істейді.

Қазан айының басында колледж студенті Артём Кузнецов «TurkicSkills» бірінші халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Қостанай облысының намысын қорғайды. Бүгінгі күні Артем өзінің жетекшісі, ҚАКК өндірістік оқыту шебері, сарапшы-компатриот – Кирилл Сергеевич Булаттың жетекшілігімен дайындалуда. Өз ісінің жоғары білікті маманы, ол да студент кезінде Казань қаласында өткен WorldSkills халықаралық чемпионатында еліміздің атынан қатысқан болатын, кейіннен колледжде студенттерге сабақ беріп, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Кадрларды даярлау жүйесі өндірісте жалғасады. Баспасөз-тур Қостанайдағы «ALLUR» зауытында аяқталды, онда жоғары курс студенттері жалақы төленетін өндірістік практикадан өтеді.

Кәсіпорын мамандары тәлімгерлік институтының маңыздылығы туралы айтып, өндірістегі практика білікті кадрларды даярлау үшін баға жетпес тәжірибе беретінін атап өтті. Жастар үшін мансаптық өсу перспективалары қарастырылған.

Колледждің практикант студенттері өз ісінің нағыз шебері болу үшін тәжірибенің маңыздылығын, жұмыстың қолайлы жағдайларын және Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінде алған білімдерін өндірісте қолдану мүмкіндігін мақтанышпен атап өтті.