ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БИЗНЕС-ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ»
2025 жылғы 17 қыркүйекте Щучинск қаласындағы Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінде білім беру жүйесі мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін біріктірген диалог алаңы өтті. Қатысушылар кадрларды даярлау, ынтымақтастық мүмкіндіктері және еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңғырту перспективалары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Қатысушыларды құттықтау сөздерімен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Георгиевич Гамазов және Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Гүлден Темірғалиевна Хаметова қарсы алды.
Талқылау барысында мынадай тақырыптар қаралды: бизнес пен білімнің ынтымақтастығы; туризм саласында кадрлық әлеуетті дамыту; сауда саласындағы білікті мамандардың тапшылығы; кадрларды даярлаудағы қамқорлық пен тәлімгерліктің өсім драйвері ретіндегі рөлі.
Ерекше назар Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжінің табысты тәжірибесін таратуға аударылды. Колледж директоры Дмитрий Иванович Павленко әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейту және солтүстік өңірлердің колледждерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жөніндегі бастамаларды ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі келесі ұйымдармен меморандумдарға қол қойды: МҚКК «Агротехникалық колледж», Ақкөл қ. (директор – Уразов Арман Аманжолович); МҚКК «Аграрлық-индустриалды колледж», Атбасар қ. (директор – Тюлебаев Аскербек Жамантаевич); МҚКК «Агротехникалық колледж», Ерейментау қ. (директор – Туленова Раушан Балташевна); МҚКК «Индустриалды технологиялар және сервис колледжі», Жанаесиль а. (директор – Сабитов Багдат Касымбекович); МҚКК «Жоғары техникалық колледж», Щучинск қ. (директор – Бектасова Назым Кабдушевна); МҚКК «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі», Щучинск қ. (директор – Кожаков Азамат Маратович); МҚКК «Агротехникалық колледж», Есіл қ. (директор – Гойко Наталья Цезаревна); Қазақ гуманитарлық-техникалық жоғары колледжі (директор – Вайс Денис Викторович).
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын, кәсіптік білім беруді дамыту мен әлеуметтік серіктестердің мамандар даярлауға қосқан үлесін бейнелейтін ТжКБ аллеясын отырғызды.
Дөңгелек үстел колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болды, бұл өңірлік экономика үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.