14 қыркүйек - Қазақстандағы Отбасы күні
Отбасы - бұл барлық бастаулардың бастауы, тәрбиенің, махаббат пен қамқорлықтың негізі. Бұл бізді қалай қабылдаса, солай қабылдайтын, әрқашан күтетін, қолдау көрсететін және шабыттандыратын жер.
Отбасы күні - бізге жақындарымыздың құндылықтарын, бірлікті, өзара сыйластық пен қамқорлықты еске түсіретін маңызды мереке.
Бұл күні Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өткізіледі: сынып сағаттары мен ата-аналар қоғамымен кездесулер, қайырымдылық акциялары мен спорттық жарыстар, «Таза Қазақстан» отбасылық экологиялық акциясы.
Құрметті ата-аналар мен балалар!
Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз, Әрбір отбасында жылы, махаббат пен келісім салтанат құрсын!