2025 жылғы 14 қыркүйекте «I-QOSTANAY» Оқушылар сарайында Қостанай облыстық әкелер слеті өтті. Іс-шара «Ақ көгершін» қоғамдық қорының бастамасымен «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің тапсырысымен «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-мен бірлесіп өткізілді.
Қостанай облысының әртүрлі саласында жұмыс істейтін әкелер бір диалог алаңында бас қосты.
Слетте баланың тәрбиесіне әкенің рөлі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы, баланың өзін-өзі бағалауына, әлеуметтік дағдылары мен жетістіктеріне әкелердің ықпалы; әкенің тірек және тәлімгер ретінде болуы туралы мәселелер талқыланды.
#ата-аналардыпедагогикалыққолдауорталығы
#адалазамат