Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 33 оқу орнынан тұрады (24 Білім басқармасының ведомствосында, 2 Денсаулық сақтау басқармасының ведомствосында және 7 жекеменшік), оларда 21 мыңнан астам (21 694 адам) студент білім алады, оның ішінде 18 мыңнан астамы тегін оқиды.
Жыл сайын колледждерде шамамен 7 мың студент оқып шығады. Облыста колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары, 91% құрайды (ҚР 79%).
2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру үшін қазіргі уақытта Қазақстанда жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлініп жатқанын еске сала кетейін.
Техникалық және кәсіптік білім беру беделін арттыру мақсатында өңірде мамандарды даярлау жүйесі озық кадрлық қамтамасыз ету моделі бойынша іске асырылып жатыр.
Мәселен, салынып жатқан зауыттар және жаңа инвестициялық жобалар үшін 18 жаңа мамандық ашылды. Сондай-ақ техникалық, ауыл шаруашылығы, IT және басқа да салаларда 14 жаңа мамандық бойынша лицензияға қосымша алу жұмысы жүргізілуде.
Колледждердің әлеуметтік серіктестерімен кадрларды мақсатты даярлау бойынша жүйелі жұмысын атап өткім келеді, биылғы оқу жылында студенттер контингенті (2023 – 717 адам, 2024 – 1237 адам) және кәсіпорындар саны екі есеге артты (2023 – 42, 2024 – 80). Дуальды оқытудың дамуында да оң өзгерістер байқалады: 2029 жылға дейін контингентті 7 мың студентке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.
Шефтік-кәсіпорындар саны 38-ден 250-ге дейін артты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.
ТжКБ ұйымдар халықаралық деңгейге сәтті шығуда. Мәселен, 2024 жылғы желтоқсанда Қостанай жоғары политехникалық колледжі халықаралық салалық аккредиттеуден өтті. Тағы 3 колледж (Қостанай автомобиль көлігі колледжі және Рудный тау-кен технологиялық колледжі, Рудный политехникалық колледжі) биыл өтуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуетіне көп көңіл бөлінеді. Үздік мұғалімдер мен колледж басшылары үшін Германия, Франция, Англия, Қытай және т. б. елдерде жыл сайын шетелдік тағылымдамалар өтеді.
Анықтама: 2023 және 2024 жылдары колледж педагогтары «ERG» компаниялар тобының қолдауымен Германия, Франция және Қытай Халық Республикасында тағылымдамадан өтті. 2024 жылдың сәуір айында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің педагогтары Англияда, осы жылдың ақпан айында Өзбекстанда халықаралық тағылымдамадан өтті.
Студенттеріміздің «Қазақстан Республикасының ТОП 100 студенті» республикалық конкурсындағы табыстарын атап өту керек. Биыл облысымыздың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 8 студенті Қазақстан Республикасының 100 үздік студенттерінің қатарына кірді. Бұл еліміз бойынша үздік нәтижелердің бірі.
Сондай-ақ, дұрыс бағытты таңдауымыздың көрсеткіші - студенттеріміздің WorldSkills байқауындағы жеңістері болып табылады. Соңғы 5 жылда облыс қоржыны ұлттық деңгейдегі 30 медальмен толықты (12 алтын, 10 күміс, 8 қола медаль және 22 айрықша медальон). Халықаралық чемпионаттарда студенттер 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 күміс және 1қола.