Бүгін Қостанай ауданының №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев облыс педагогтерімен кездесті.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов облыстың білім беру жүйесімен таныстырды.
Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған Қостанай ауданының №1 Заречный ЖББМ директоры Қарлығаш Тоқбайқызы Алдамбергенова және Қостанай қаласының №31 ЖББМ директоры Орынкүл Балғабайқызы Баяхметова педагогикалық ұжымның және оқушыларының алғашқы жетістіктері мен жеңістерімен бөлісіп, мектептерінің стратегиялық мақсаттары мен даму векторлары туралы айтты.
Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде педагогтердің назарын Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау, оның ішінде өңір инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық жобаларды іске асырудың маңыздылығына аударды.
Сондай-ақ, кездесуде қазақстандықжасөрендердітәрбиелеудегімаңыздымәселелеркөтерілді,ондаұлттыңтарихимаңызымендамуынтүсіну қажеттілігіне және Отанымыздыңағартушыларыменжазушыларыныңтәжірибесіншығармашылықпен қайта қараудың маңыздылығына тоқталып өтті. МәлікНұржанұлы «Педагогмәртебесітуралы»Заңныңжәнемұғаліммамандығыныңбеделініңмаңыздылығын атап өтті.
«Мұғалім өз пәнін біліп қана қоймай, нағыз тәлімгер, сауатты, сөзге шешен және қоғам және әлем жағдайларына бағдарланған болуы керек. Жас ұрпақтың қандай болатыны мұғалімдерге байланысты екенін ұмытпайық», - деді ол.