203 жас кәсіпқой WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионатының жүлдегері атанды

203 жас кәсіпқой WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионатының жүлдегері атанды

203 жас кәсіпқой WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионатының жүлдегері атанды


Екі апта бойы WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионатының алаңдарында 400-ге жуық студент, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі оқушылар жарыстарға қатысты.

Жұмысшы мамандықтары жылында чемпионат Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара, Тобыл қалаларында және Қарабалық ауданында 14 жарыс алаңында өтті. «IQOSTANAY оқушылар сарайында «Ақпарат және коммуникация технологиялары» бағыты бойынша алғашқы рет жарыс өткізілді.

Жыл сайын чемпионат ауқымы кеңейіп келеді. 2015 жылдан бері қатысушылар саны 12 есе, ал құзыреттіліктер саны 4-тен 60-қа дейін өсті. Өңірлік деңгейге 5 жаңа құзыреттілік таныстырылды, оның екеуі оқушыларға арналған. Конкурс қатысушыларын өз ісінің хас шеберлері атанған 400-ге жуық сарапшы бағалайды, олардың ішінде серіктес кәсіпорындардың өкілдері де бар.

3 маусымда «Жастар сарайында» WorldSkills Kostanay – 2025 он бірінші өңірлік чемпионатының жабылуында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге салтанатты түрде дипломдар мен медальдар табысталды. Қостанай облысының жетекші кәсіпорындарынан дара әлеуметтік әріптестер жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етті.

Негізгі 45 құзыреттілік бойынша медальдар кестесінде Қостанай политехникалық жоғары колледжі бірінші орында (18 медаль), Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі – екінші орында (16 медаль) және үздік үштікті Қостанай автомобиль көлігі колледжі (14 медаль) түйіндейді.

Қосымша құзыреттіліктердегі жеңістерді ескере отырып (BabySkills, JuniorSkills, Abilympics, ProfySkills) Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі көш бастап отыр.

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын слесарь-жөндеуші» құзыреттілігі бойынша алтын медальға ие болған Қазақстан агротехникалық колледжінің екінші курс студенті Талғат Бекбаев өз қуанышын жасырмады: «Чемпионатқа қатысу мен үшін оқу барысында алған білім мен дағдыларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді. Мен бес конкурс модулін орындап, кәсіби дайындығымның ең жоғары деңгейін көрсете алдым. Алтын медаль – бұл менің маңызды жетістігім және таңдаған мамандығымды одан әрі жетілдіруге мотивация болмақ. Менің ұстаздарыма, сондай-ақ чемпионат ұйымдастырушыларына өзімді танытуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын».

Әсіресе кішкентай қатысушылар өздерінің медальдары мен сыйлықтарына қуанды. Биыл JuniorSkills және BebbiSkills конкурсына облыстың 30 ұйымынан мектеп жасына дейінгі 70-тен аса тәрбиеленуші мен оқушы қатысты. Жарыс алаңдарының жұмысы кезінде чемпионатқа мектептер мен балабақшалардың 2500-ден аса оқушысы келді. Кәсіпке ерте бағдарлау мақсатында олар жас мамандардың практикалық жұмыстарын көзбен көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мамандыққа ерте кіріктіру және алғашқы табыстар оң әсерін тигізіп, келешекте өңір колледждерінде лайықты ізбасарлар орын басады.

Ерекше білім алуға қажеттігі бар қатысушылар Абилимпикс 2 құзыреттілігі бойынша жарысты.

Үздіктердің үздіктері осы жылдың желтоқсанында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.