Әр дауыс маңызды
«Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» диалог алаңы
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетовтың қатысуымен білім басқармасы ұйымдастырған «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» диалог алаңы өтті.
Көкейтесті мәселелерді талқылауға Білім басқармасының басшысы Айман Елеманқызы Ибраева, Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Сәрсенбайқызы Мальгаева, Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Зариванқызы Басенова, сонымен бірге республикалық оқушылар олимпиадасының және жобалар конкурсының жүлдегерлері, олардың педагогтері мен ғылыми басшылары қатысты.
Бұл ретте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов атап өткендей: «Мемлекет басшысы көтерген қауіпсіздік мәселелері еліміздің әрбір мектебінің тіршілік қарекетінің мәселелерінде маңызды болуы тиіс. Жас өрендерді тәрбиелеу мен оқыту үшін қаншалықты қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалған кезде, біз әр баланың табысты дамуына барлық жағдай жасалды деп айта аламыз».
Қатысушылар ашық диалогта қауіпсіз орта және сапалы жағдайлар жасау оқушылардың қабілеттерін ашуға қалай ықпал ететінін, әрбір баланың өз құқықтарын білуі және оларды қорғай алуы, психологиялық қауіпсіздік дегеніміз не және т.б. маңызды мәселелерді талқылады.
«Озат» МАТМЛИ оқушылары Нұрсая Рақым мен Шолпан Утепова өз ойларымен бөлісті: «Бақыттты балалық шақты қамтамасыз ету үшін мектеп қауіпсіз орта болуы маңызды. Ол үшін бірнеше нақты қадамдар жасалуы қажет. Мұғалімдер мен ата-налар баланың дауысын тыңдап, оның пікірін құрметтеу керек. Бақытты бала өз ойын еркін жеткізеді және қателесуден қорықпайды. Ол тек өз үйінде ғана емес, мектепте де жылулық пен қолдауды сезінуі қажет. Сондықтан қауіпсіз орта құру – болашақтың сенімді негізі».
Сондай-ақ кездесу соңында Республикалық олимпиада және Республикалық ғылыми жобалар конкурсында 2 және 3 орынға ие болған жүлдегерлер марапатталды. Бақытжан Хаберұлы оқушыларға ақшалай сертификаттар, педагогтерге Қостанай облысы әкімінің атынан алғыс хаттар табыстады.
#Қазақстанбалалары #БалаларҮні