
БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ
Қостанай облысының 2 900 ауыл оқушысы өз арманының жарыс жолына түседі!
IQanat Олимпиадасы басталуда
21 қазан күні Қостанай облысында ауыл мектептерінен шамамен 3000 бала қатысып жатқан IQanat республикалық олимпиадасының I кезеңі басталды.
IQanat Олимпиадасының І кезеңі ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар олардың математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады.
Бүкіл республика бойынша қатысушылардың саны 63 мыңнан астам. 3 турдан өткен Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына тегін қабылданады. Оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін меңгереді, оған қоса, олардың жетістіктері бағаланып, ұдайы ынталандырылады.
Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында IQanat бағдарламасының қатысушыларының 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантпен оқуға түседі. Бүгінде IQanat түлектері әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.
IQanat – әлеуметтік-білім беру жобасы. Оған қазақстандық 240 кәсіпкер қолдау көрсетеді. Қостанай облысының қамқоршысы – Андрей Лаврентьев. Өңірдің аудандық қамқоршылары: Эльдар Сарсенов, Жаныбек Сарсенов, Арман Ахметов, Алмат Даумов, Курман Назаргалиев, Абай Нургалиев, Азат Касымгалиев, Самат Даумов, Куанышбек Нуркасымов, Руслан Идрисов, Думан Жүнісхан, Айдос Мукатаев, Светлана Абдрахманова, Мурат Абдрахманов, бизнес-клуб ELEVATE, Алдияр Жұмағұлов, Дулат Султанов, Аян Нұртаев және Ораз Жандосов. Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы IQanat Қазақстан ауылдарындағы талантты балалардың білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға ұмтылады.