2025 жылдың сәуір айында «Ауыл аманаты» бағдарламасы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржыландырылады деп күтілуде, осыған байланысты 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Тобыл» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасының шарттарын және қарыз алушылардың өтінімдерін беру және қарау рәсімдерін түсіндіру бойынша облыс аудандарына (Федоров, Меңдіқара, Ұзынкөл, Қамысты, Қостанай және Б.Майлин ауданы) барып, жергілікті жерде кеңестер ұйымдастырды.