Объявление
Қостанай облысында «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі №9 шешімімен қосымша бюджет қаражаты 1 000 000 мың теңге сомасында бөлінді.
Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді уақтылы қаржыландыру және бөлінген қосымша бюджет қаражатын игеру мақсатында АӨК субъектілерінен өтінімдерді қабылдау үшін ағымдағы жылғы 10 маусым сағат 9:00-ден бастап субсидиялаудың «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінің ашылатыны туралы хабарлаймыз.