2021 жылғы 20 мамырда Арқалық қаласында ауыл шаруашылығы жерлерін беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

2021 жылғы 20 мамырда Арқалық қаласында ауыл шаруашылығы жерлерін беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

Ақпараттық хабарлама

 

Арқалық қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша қайта конкурс  өткізеді. Қайта конкурс Костанай облысы Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 8 қабат, мәжіліс залы. мекенжайы бойынша 2021 жылы 20 мамырда сағ. 10-00-де өтеді.

Қайта конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2021 жылғы 04 мамырдан бастап 19 мамырға дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (қабылдау уақыты 9-00-ден 18-00-ға дейін, сағ. 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен) «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 5 қабат, 524 каб. анықтама үшін байланыс телефоны (8-71430) 7-23-52. Қайта конкурсқа қатысуға өтінім 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпарат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз жеткізгіште, қолма-қол, не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Конкурсқа қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурстық ұсыныстар, өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде, ұйымдастырушыға қолма-қол тапсырылады.

Қосымша ақпаратты  «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 5 қаб., 524 каб. мекенжайы бойынша алуға болады.

 

Қайта конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі

 

Лот  №

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы

Ауданы

(га)

 

Жалға беру мерзімі

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Жер телімінің орналасқан жері, шаруашылық орталығына дейінгі ара қашықтығы

Алқап түрі, өріс №

Бонитет

балы

1

Егстік, № н/ж алқап, өсімдік шаруашылығы

27

100

48

қызыл қоңыр

суландырылмаған

Жалғызтал ауылы,  16 км

2

Жайылым, № н/ж алқап, мал шаруашылығы

9

800

48

қызыл қоңыр

суландырылмаған

Родина ауылдық округі, Мирный ауылы, 7 км

3

Жайылым, № н/ж алқап, мал шаруашылығы

4

2000

48

қызыл қоңыр

суландырылмаған

Жаңақала ауылы, 10 км