МӘМС үшін қанша төлеу керек?

МӘМС үшін қанша төлеу керек?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшті. Азаматтардың МӘМС жүйесінде қатысудың негізгі шарты жарна мен аударымдарды төлеу болып табылады. 2020 жылы кім, қанша және қандау мерзімде төлейді?

  1. Тәуелсіз төлеушілер жарналарды айына 2125 теңгеден төлейді. Төлемнің тағайындалу коды - 122. Жарналар қорға төлем күнінен он екі ай бұрын төленуі керек.  Әр ай үшін төлем бөлек жүргізіледі (әлеуметтік көмек алу кезеңдері 42 500 теңге жеңілдік болып саналады, төлем талап етілмейді).
  2. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ төлейді (Қала тұрғындары 2651 теңге, ауыл тұрғындары – 1326 теңге). Төлем жыл басынан бастап барлық айлар үшін болуы қажет, әр айға бөлек (42500 теңге әлеуметтік жәрдемақы алған кезең жеңілдікті болып саналады, төлем қажет емес). БЖТ төлемін өтіп кеткен айларға төлеуге болмайды, соныдықтан 2125 теңге жарнадан әр айға төленіп отырылыды. БЖТ сақтандырылған мәртебесін тек ағымдағы кезеңге бергендіктен, айдың басында немесе алдын-ала төлеуге ұсынылады.
  3. Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар жарналарды есепті күннен кейінгі 25-ші күнге, айына 2975 теңгеден төлейді. Төлемнің тағайындалу коды - 122. Төлеу кезінде төлем жасалатын кезеңді көрсетуіңіз керек.  Жарналар жарна төлеу мерзімінен он екі ай бұрын қорға төленуі керек
  4. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін осы шартты жасаған салық агенті шарт сомасынан 1% мөлшерінде жарна төлейді. Төлемдерді тағайындау коды –
  5. Жұмысберушілер жалданды жұмыскерлер үшін есепті күннен кейінгі 25-ші күнге дейін жарна мен аударымдарды төлеуге міндетті:
  • ТТК 121 бойынша – 2% мөлешріндегі аударым, еңбек төлемінің қоры үлесінен (жұмысберушінің есебінен)
  • ТТК 122 – 1% мөлшеріндегі жарна жұмыскер есептелген кірісінің үлесінен (жұмыскердің жалақысынан)

Жұмыс берушіге төлемдерді бір ТТК төлеудің мүмкіндігі жоқ. Егер бухгалтер аударымды бір кезеңде бірнеше айғажасаса, бұл қате болады. Жұмыскер сақтандырылған мәртебесін жоғалдып алады.

Егер жұмыскер еңбек демалысында немесе ауыру бойынша демалысында болса, қарыздың пайда болуын болдырмау үшін бухгалтерлік қызмет жұмыскерге табыстың бір реттік төлеміне қарамастан, әр кезең үшін МӘМС аударымдар мен жарналарды бөлек есептеп аударуы керек, қызметкерге табыстың бір реттік төлеміне қарамастан.

Жұмыс берушілерге өз қызметкерлерінің сақтандыру мәртебесін FMS.KZ сайтында тексеруді ұсынамыз. Жаңа қабылданған жұмыскерлердің өткізіп алған кезеңдер үшін МӘМС аударымдар бойынша қарызды өтеуге ұсынылады (бар болса)

МӘМС және сақтандыру мәртебесін алу сұрақтары бойынша 1406 ақысыз нөмірінде консультациялық қолдау көрсетіледі.