Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын қолдауға бағытталған, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға арналған жеңілдетілген несие өнімдері іске асырылуда.
«Игілік» бағдарламасы - асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға арналған:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%-дан аспайды;
- несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
- қамту көлемі — 100-ден 499 басқа дейін;
- қаржыландыру сомасы — 1 млрд теңгеге дейін.
«Береке» бағдарламасы - асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға арналған:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%-дан аспайды;
- несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
- қамту көлемі — 500 бастан жоғары;
- қаржыландыру сомасы — 5 млрд теңгеге дейін.