Ауыл шаруашылығы министрінің Қостанай облысына сапары

Ауыл шаруашылығы министрінің Қостанай облысына сапары

Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді.
Сапардың негізгі мақсаты — өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бағалау, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласы және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелерін талқылау.
Сапар барысында министр облыстың бірқатар маңызды кәсіпорындарын аралады:
🔹 «Надеждинка» ЖШС — 1000 басқа арналған тауарлы -сүт фермасының құрылысы барысымен танысып, өңірдің аграршыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.
🔹 Баян Сұлу — «Кондитерлік астана» атты жаңа өндірістік кешеннің құрылысымен танысты. Жоба қайта өңдеу қуаттарын кеңейтуге бағытталған.
🔹 «Милх» ЖШС — ірімшік өндіру цехын аралап, сүт өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуын бағалады.
🔹 «Қостанай бекіресі» ЖШС — бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысатын кәсіпорынның жұмысымен және балық питомнигін салу жобасының жүзеге асырылуымен танысты.