Қостанай қаласындағы жәрмеңке өтеді

Қостанай қаласындағы жәрмеңке өтеді

2025 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай қаласында Сити-орталықта 14 аудан мен Қостанай, Рудный қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеде 70-тен астам шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнімдері ұсынылады: ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, қой еті, құс еті, шұжық өнімдері), сүт өнімдері (сүт, айран, май, ірімшік), ұн, макарон өнімдері, жұмыртқа, картоп, көкөністер мен жемістер, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер, бал.

Сондай-ақ тұрақтандыру қорының өнімдері: сиыр еті, құс еті, жұмыртқа, макарон өнімдері, күнбағыс майы сатылатын болады.

Өнімдер нарықтық бағадан тікелей өндірушілерден 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.