Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 222 090 мың теңге сомасында қосымша бюджет қаражаты бөлінді.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді уақтылы қаржыландыру және бөлінген қосымша бюджет қаражатын игеру мақсатында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ашылуы туралы хабарлаймыз «Qoldau.kz» АӨК субъектілерінен өтінімдерді қабылдау үшін ағымдағы жылғы 7 қазан сағат 9:00-ден бастап. Осы ақпаратты ауданның/қаланың АШТӨ жеткізуді сұраймыз.