
2025 жылдың 19 наурызында Тимофеев жалпы орта мектебінде дзюдодан жарыс өтті. Сайысқа Тимофеев орта мектебінен 40-тан астам оқушы қатысты. Жарысқа қатысушылар салмақ дәрежесі бойынша бөлінді. Жарыс жеңімпаздары демеушілер есебінен сатып алынған медальдар, мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.Ұйымдастырушылар: Қасым Абылай, Таев Әлішер.
Қолдау көрсеткен ауыл демеушілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздің көмегіңізбен біз балаларға спорттық өмір салты мәдениетін, демек олардың денсаулығын қалыптастырамыз!