«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Әулиекөл ауданында көшелер мен жалпы пайдаланылатын жерлерді қоқыстан тазалау іс-шаралары жалғасуда.
Құрметті тұрғындар! Осы жылдың 2 сәуірінде өтетін аудандық сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз. Үй-жайлардың аулалық аумақтары мен іргелес учаскелерді қоқыстан тазалаңыз. Әрқайсымыз тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлесін қоса аламыз. Күш-жігерімізді біріктіріп, өлкемізді таза және әдемі етейік!