
Пәкістан Премьер-Министрінің резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдау рәсімі өтті
Біздің мемлекет басшысын Премьер-Министр Шахбаз Шариф қарсы алды.
Бірлесіп фотосуретке түскеннен кейін Қазақстан мен Пәкістанның әнұрандары орындалып, құрметті күзет бастығының есебі тыңдалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
t.me/aqorda_resmi