Аймақты жинау

Аймақты жинау

️ ♻️ «Таза Қазақстан» акциясы — елді мекендерді, орман-тоғайларды, су қоймалары мен жағажайларды қоқыстан тазарту, жасыл желектер отырғызу және қоршаған ортаға ұқыпты қарайтын мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
♻️ Бұл бастама экологиялық ахуалды жақсартуға, адамдардың жауапкершілігін арттыруға және елдің имиджін көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, акция волонтерлікті дамытып, тұрғындарды бірлесе жұмыс істеуге, ортақ мақсатқа жұмылуға шақырады. Нәтижесінде біз таза әрі жайлы ортада өмір сүріп қана қоймай, табиғатты болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізе аламыз.🤝