Сенбі, 28 маусымда "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" ММ православие зиратында санитарлық тазарту бойынша екінші сенбілік ұйымдастырылды. Барлығы 180 текше метр қоқыс жиналып, ҚТҚ полигонына шығарылды, сенбілікке бюджеттік және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, 5 бірлік техника қатысты. Берілген техника үшін Лыфарь А., Храмов В., Картбаев Р. алғысымызды білдіреміз.