Әулиекөл ауданында жол жөндеу жұмыстары басталды: басымдық – сапа және қауіпсіздік

Әулиекөл ауданында жол жөндеу жұмыстары басталды: басымдық – сапа және қауіпсіздік

2024 жылы көлік инфрақұрылымының бюджеті 3,1 млрд. теңгені құрады.

Аудандық маңызы бар 57 км кірме жолдарды Юльев ауылына (3 км) орташа жөндеу; Харьков (5 км), Тұрғымбаев (22 км), Новопавлов (18 км) және Қазанбасы (9 км) ауылдарына кірме жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.             

«Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 412,2 млн. теңге сомасына ұзындығы 7,2 км 7 көшеге орташа жөндеу жүргізілді: Москалев ауылындағы 2 көшеге, Тимофеев ауылындағы 2 көшеге, Новоселов ауылындағы 2 көшеге және Чернигов ауылындағы бір көшеге.

Елді мекендердің көше-жол желісін жөндеу жөніндегі жоспарды орындау мақсатында 4 елді мекенде жалпы сомасы 778,3 млн. теңгеге 10 көшеге (11,7 км) орташа жөндеу жүргізілді: Диев ауылындағы 4 көшеге, Әулиекөл ауылындағы 3 көшеге, Новонежин ауылындағы 2 көшеге және Құсмұрын кенттегі бір көшеге. 2024 жылы барлығы 18,9 км кентішілік жолдар жөнделді.

2025 жылға арналған көлік инфрақұрылымын қаржыландыру көлемі өткен жылдың деңгейінен төмен емес қалыптастырылды – 3,2 млрд. теңге.

Первомай (23 км – 763,8 млн. теңге) және Көктал (32,9 км - 1740 млн. теңге) ауылдарының кіреберістеріндегі автожол учаскелерін орташа жөндеу бойынша құны 2,5 млрд. теңге болатын 2025 жылға ауысатын екі жылдық жобалардың жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Құсмұрын кентіне кірме жолдың 5 км орташа жөндеу жұмыстары басталды, «AST BUILDING KZ» ЖШС мердігері мамыр айында жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 5 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 874 млн. теңгеге 21 көше (13,7 км) көше-жол желісін орташа жөндеу жұмыстары басталды: Әулиекөл ауылындағы 14 көшеге (7,9 км), Октябрь ауылындағы 2 көшеге (1,8 км), Бағаналы ауылындағы 2 көшеге (1,1 км), Құсмұрын кентіндегі 2 көшеге (1,8 км) және Аманқарағай ауылындағы 2 көшеге (1,1 км).

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Юльев ауылындағы 2 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, содан кейін маусым айында Лесное ауылындағы бір көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстарды осы жылдың шілде-тамыз айларында аяқтау жоспарлануда.

2025 жылы барлығы 15,9 км кентішілік жол жөндеуге жатады.

Қазіргі уақытта 785,8 млн. теңге сомаға тағы 12 кентішілік көшені жөндеуге сметалық құжаттама әзірленді: Құсмұрын кенті – 3 көше, Әулиекөл ауылы – 2 көше, Көктал ауылы – 3 көше, Аманқарағай ауылы – 2 көше және Первомай ауылы – 2 көше.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен аудан орталығында тротуарларды орнатуға қаражат бөлінеді: 2024 жылы Байтұрсынов көшесі бойынша ұзындығы 2,4 км 60,6 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілді, 2025 жылға ұзындығы 1,4 км Алтынсарин көшесі бойынша жұмыстарға 57,6 млн. теңге қарастырылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.