"Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 жоба ұсынылды.

"Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден астам сомаға 12 жоба ұсынылды.

Жобаларды іске асыру мерзімі – 2021 жыл. Бұл туралы аппараттық кеңесте Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Әсет Бекеш айтты.

 

Олардың барлығы Аманқарағай ауылы тұрғындарының өмір сапасының жаңа стандартын енгізуге бағытталған.

 

Бүгінгі таңда 6 жоба мақұлданды, оның ішінде 51,5 млн.теңге сомасына жаңа Аманқарағай ОМ үшін газ отынымен модульдік қазандық салу, құны 480 млн. теңге тұратын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы көзделген. Бұл жоба 2 жылға есептелген. Сондай-ақ, Приэлеваторная, Жамбыл, Пацаев, Советская көшелеріндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша жалпы сомасы 133 млн теңгеге 4 жоба енгізілді.

 

Ұлттық экономика министрлігінің келісімінде 664,5 млн теңге сомасына 6 жоба бойынша құжаттама бар. Бұл Н.Островский атындағы және «Бөбек» балабашасы Аманқарағай ОМ үшін газ отынымен модульдік қазандықтардың құрылысы. 320 орындық қатты отынмен газбен жұмыс істейтін Аманқарағай орта мектебінің қазандығын қайта жаңарту, Аманқарағай Н.Островский атындағы №2 орта мектебінің ғимаратын бөбекжай балабақшасы етіп қайта жаңарту, Аманқарағай дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу, Аманқарағай орта мектебін күрделі жөндеу.

 

Сонымен қатар, Аманқарағай ауылындағы Қостанай және Школьная көшелерін орташа жөндеу бойынша жалпы сомасы 35,7 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі таңда аталған жобаларды 2021 жылдың тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде, деп атап өтті Бекеш

2022 жылы Құсмұрын кентінде "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Шамамен құны 918 млн теңге болатын 8 жоба ұсынылды. Бұған №2 су құбырының тарату желілері қазандығын қайта жаңарту, №28 Құсмұрын ОМ ғимаратын күрделі жөндеу және Ленин, Серіков, Карл Маркс, Железнодорожная, Калинин көшелеріндегі автожолдарды орташа жөндеу кіреді.