Аудан әкімдігінде ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Аудан әкімдігінде ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

Бүгін, 3 қыркүйек күні аудан әкімі Ерлан Теменовтың төрағалығымен аудан әкімдігінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты"атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша актив отырысы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Аят Сүлекеев, облыстық мәслихат депутаты, ауылшаруашылық колледжінің директоры Альмира Жансүгүрова және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерік Албыспаев баяндама жасады.

Мемлекет Басшысының бағдарламалық құжаты аясында спикерлер халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, цифрландыру және т.б. тақырыптарды талқылады.

Аудан әкімі Ерлан Теменов шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударды.

- Бүгінде мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту үшін қомақты қолдау көрсетілуде. Мысалы, 2020 жылдың қаңтарынан бастап Президенттің микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы шешімі күшіне енді, салық жүктемесін азайту мәселесі зерттелуде. Бұл өз кезегінде бизнес-қоғамдастықтың тұтынушылар мен азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдар жұмысындағы сыбайлас жемқорлық құрамдасының алынып тасталғанын атап өтті, - деп айтып өтті өңір басшысы.

Ерлан Олжабайұлы алдымызда ел Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

Аудан активіне қатысқан Әкімбек қажы Қабден ақсақал жаңа бастамаларға сәттілік тілеп, әулиекөлдіктердің барлық күші-жігерін ауданымыздың құрылуы мен дамуына бағытталуы тиіс екенін атап өтті.